jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ИА
    Ислам Аманқос
    Бұрынғы қызметкер

    Рамзан Қадыров Илон Масктың компаниясынан шыққан екі көлігін майдан шебіне жібергенін айтты

    Рамзан Қадыров мінген Cybertruck көлігі
    Рамзан Қадыров мінген Cybertruck көлігі. Фото: t.me/s/RKadyrov_95

    Рамзан Қадыров әлеуметтік желіде соғысқа тағы екі Tesla Cybertruck электромобилін жібергенін мәлімдеді. Шешенстан басшысы электромобилдер ол жақта тиімді жұмыс істеп жатқанын жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Сарбаздар мінген электромобилдердің видеосы саясаткердің Telegram-дағы арнасында жарияланды. Қадыров батыс техникасы "жүктелген міндеттерді тамаша орындап жатқанын" атап өтті.

    "Мобильді, ыңғайлы, икемді – мұнда осындай қасиеттер өте қажет. Қашықтан өшірілмейді. Көліктер штаттық режимде және ақаусыз жұмыс істеп жатыр.

    Бұл көлікке бұдан асқан жарнама ойлап таба алмайсың. Біз оларды қалай қолдануды жақсы білеміз," - деді Қадыров.

    Айта кетейік, 19 қыркүйекте Рамзан Қадыров Telegram-дағы арнасында бұған дейін сыйға тартылған Tesla Cybertruck қашықтан өшірілгенін жазды.

    "Илон Маск біртүрлі қылық істеді. Шын көңілден қымбат сыйлықтар береді, ал кейін оларды қашықтан өшіріп тастайды," - деп жазды Шешенстан басшысы.

    Tesla Cybertruck-тың алғашқы видеолары Рамзан Қадыровтың Telegram-дағы арнасында тамызда пайда болды. Шешенстан басшысы бұл көлікті Илона Масктан сыйлық ретінде алғанын жазған. Алайда көп ұзамай Маск Қадыровқа Cybertruck сыйламағанын мәлімдеді.

    Tesla компаниясының Cybertruck электромобилі нарыққа 2023 жылдың қарашасында шыққан.

    Рамзан Қадыров Илон Масктың компаниясынан шыққан екі көлігін майдан шебіне жібергенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.