jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Атамекеннің" бұрынғы басшысы Мырзахметов ісі: Антикор мемлекетке тағы 7 млрд теңге қайтарылғанын хабарлады

    Абылай Мырзахметов
    Абылай Мырзахметов. Фото: atameken.kz

    Антикор "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Мырзахметовтің ісі бойынша мемлекетке қосымша 7 млрд теңге қайтарды, деп хабарлайды Антикор.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында заңсыз сатып алынған активтерді қайтару бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатыр.

    Қазіргі уақытта "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы А.И. Мырзахметовке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша мемлекет кірісіне 7 млрд теңге сомасында заңсыз алынған ақшалай қаражат аударылды.

    Құзырлы орган өкілдері әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге және мемлекетке қайтарылған активтерді елді дамыту мақсатында пайдалануға бағытталған бұл жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

    Жыл басынан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аяқталған қылмыстық істер шеңберінде шамамен 195 млрд теңгені өтеді.

    "Соңғы 2,5 жылда, оның ішінде олигополиялар тарапынан Қазақстан халқына 1,09 трлн теңге қайтарылды.

    Осы бағыт бойынша жұмыс жалғасуда және генттіктің ерекше бақылауында", - делінген хабарламада.

    "Атамекеннің" бұрынғы басшысы Мырзахметов ісі: Антикор мемлекетке тағы 7 млрд теңге қайтарылғанын хабарлады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.