jitsu gif
Саясат

    Қазақстандағы АЭС салу бойынша референдум: дауыс беру қалай өтеді

    АЭС құрылысы
    АЭС құрылысы. Көрнекі фото: Daniel Balakov/Getty Images

    Отырыста Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Қазақстанда атом электр стансасын салу бойынша референдум өткізуге арналған сайлау учаскелерінде дауыс беру қандай уақыт аралығында өтетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Таңғы 6-дан бастап дауыс беру 84 учаскеде басталады. Бұл негізінен әскери бөлімдер, кейбір вахталық кенттер. Олардың жұмыс немесе қызметтің ерекше тәртібі болғандықтан олар 6:00-ден бастап (дауыс береді – ред. ескертпесі). Бұл референдумға қатысатын азаматтарға ыңғайлы болу үшін жасалып отыр", - деді Петров.

    Ол сондай-ақ 10 325 учаскенің ішінде 539 учаскеде тізімге енгізілгендердің барлығы дауыс бергеннен кейін дауысты санау басталатынын атап өтті.

    "Бұл – тек әскери бөлімдерде, демалыс үйлерінде, санаторийлерде, тергеу изоляторларында және ауруханаларда құрылған учаскелер, яғни есептен шығару куәліктері бар қосымша адамдар келмейтін жерлер. Бұл заң нормасы 10 күн ішінде іске асырылуға тиіс және ол барлық өңірде іске асырылады, яғни барлығы осындай 539 учаскеде дауыс бергеннен кейін дауыстарды санауға кіріседі", - деп атап өтті ол.

    Оның айтуынша, қалған барлық сайлау учаскесінде тізімдегілердің барлығы дауыс берді ме, жоқ па, оған қарамастан дауыс беру процесі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

    Еске салсақ, 2 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды.

    3 қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясының отырысында АЭС салу бойынша референдум өткізудің күнтізбесі бекітілді.

    Сондай-ақ бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы өкілдері Қазақстанда АЭС салу бойынша референдумды ұйымдастыруға және өткізуге 15,5 млрд теңге жұмсалатынын мәлімдеген еді.

    АЭС салу бойынша референдумға қатысты ОСК төрағасы Тоқаевқа дайындық барысын баяндаған болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.