jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Тараз қаласының әкімі референдумда өз таңдауын жасады

    Бақытжан Орынбеков дауыс беруде
    Бақытжан Орынбеков дауыс беруде. Фото: Тараз қаласының әкімдігі

    Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков елімізде өтіп жатқан АЭС құрылысы бойынша референдумға қатысып, өз таңдауын жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бүгін елімізде АЭС салу бойынша республикалық референдум өтуде. Соған орай Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков №41 референдум учаскесінде алғашқылардың бірі болып дауыс берді.

    Бақытжан Орынбеков
    Бақытжан Орынбеков дауыс беруде. Фото: Тараз қаласының әкімдігі

    Айта кетерлігі, аталған учаскеде жалпы саны 2 626 сайлаушы дауыс беру құқығына ие.

    Жалпы Тараз қаласы аумағында қазіргі таңда 135 референдум учаскесі жұмыс істеуде. Олардың барлығында дауыс беру тиісті заңнамаға сәйкес таңғы сағат 7:00-де басталды. Сондай-ақ шаһар бойынша 256 985 сайлаушы болса, оның ішінде 18 жасқа енді толған 5 394 адам алғаш рет өз таңдауларын жасайды.

    Тараз қаласының әкімі референдумда өз таңдауын жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.