jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Қарағанды және Павлодар облыстары аумағындағы өрт: министр Әрінов үкімет басшысына өңірлердегі жағдайды баяндады

    Қарағанды облысындағы орман өрті
    Қарағанды облысындағы орман өрті. Видеодан кадр: ТЖМ

    Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Қарағанды және Павлодар облыстарының шекара маңындағы аумағындағы өртті жою жөніндегі ақпаратты тыңдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ үкіметке сілтеме жасап хабарлайды.

    Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов үкімет басшысына қазіргі жағдай және өртті сөндіру бойынша қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады.

    "Құрғақ өсімдіктердің өртенуі биылғы 6 қазанда Павлодар облысы Баянауыл ауданымен шектесетін Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының аумағында болды. ТЖМ жедел штабы өртті жою үшін барлық шараны қабылдады. Ауылдың 18 тұрғыны эвакуацияланды.

    Астана қаласы, Абай облысы, Ақмола облысының және басқада да ТЖД күштері мен құралдары қосымша тартылды. Бүгінгі таңда Павлодар облысында өрт оқшауланды, жағдай бақылауда. Бүгін Қарағанды облысында өрт оқшауланады деп күтілуде", - деді министр.

    Премьер-министр Төтенше жағдайлар министрлігіне жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды.

    Айта кетейік, 6 қазанда Қазақстанның екі өңірінде ірі өрт болып жатқанын хабарлаған едік.

    Кейінірек Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде өрт сөндіруші қаза тапқаны белгілі болды.

    Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері дала өртін сөндіру кезінде күйік шалған 4 өрт сөндірушінің жағдайына қатысты мәлімдеме жасады.

    7 қазанда, сағат 18:30-да ТЖМ өкілдері екі облыста өрт шалған аумақ 45 мың гектарға жеткенін хабарлады.

    Қарағанды және Павлодар облыстары аумағындағы өрт: министр Әрінов үкімет басшысына өңірлердегі жағдайды баяндады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.