"Үстінен түсу мүмкін болмады": Павлодар облысының әкімі Екібастұзға сапары туралы баяндады
Жарияланған күні:

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Екібастұзды аралап, жылу желілеріне жүргізілген жұмыстар туралы айтты. Бұл туралы өңір басшысына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Облыс басшысы Telegram-дағы ресми парақшасында Екібастұзға сәрсенбі баруды жоспарлағанын, бірақ суық тиіп қалғандықтан сапарды екі күнге кейінге шегеруге тура келгенін жазды.
"Жұма күні сапар жоспарымды аздап өзгерттім. Алайда аяқ астынан қарамағымдағылар мен мердігерлердің үстінен түсу мүмкін болмады", - деп жазады Байханов.
Әкім реконструкция жүргізіліп жатқан Екібастұз теміржол вокзалына барып, ондағы жұмыстардың едәуір бөлігі орындалғанын, келесі жылдың көктеміне дейін толығымен аяқталатынын атап өтті.
Сонымен қатар өңір басшысы жылу желілеріне реконструкция жасалған бірнеше учаскені аралағанын мәлімдеді.
"Алайда қазір қаланы жылумен жабдықтау әлдеқайда маңызды екенін білесіздер. Мен жылу желілеріне реконструкция жасалған бірнеше учаскеде болдым. Жұмыстар жақсы жүргізілгеніне көз жеткіздім. Барлық сынақ өткізіліп, магистральдар толтырылды. Маған бәрі қалыпты деп баяндады. Сенім ақталмаса барлық жауаптыны қызметтен аламыз.
Келесі жылы ауыстырылатын құбырлардың жаңа учаскелері белгіленді. Жобаларды қарап, мақұлдадым", - деді ол.
Облыс әкімі бір-екі аптадан кейін Екібастұзға тағы баратынын жазған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2176770-ustinen-tusu-mumkin-bolmady-pavlodar-oblysynyng-akimi-ekibastuzga-sapary-turaly-baiandady/