jitsu gif
Саясат

    Тоқаев биологиялық материал алмасу туралы келісімді ратификациялады

    қол қою
    Қол қою. Көрнекі фото: pxhere.com

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Биологиялық материал алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Мемлекет басшысы "Биологиялық материал алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - делінген Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламада.

    Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.

    Айта кетейік, бұған дейін сенат отырысында депутат Сәкен Арубаев бұл заң биологиялық зерттеулер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам екенін атап өткен еді.

    "Жаһандық биологиялық материал алмасу желісіне қосылу, еліміздің ұлттық зерттеу мекемелеріне бірегей үлгілерге қол жеткізуге және жетекші әлемдік зертханалармен бірлескен зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.

    Ғылыми әзірлемелердің сапасын және халықаралық аренадағы ұлттық ғылыми институттардың беделін арттырады.

    Осы келісімге сәйкес өнім беруші сынамаларды алушыға өтеусіз негізге береді.

    Биоматериалды алушы тиісті қорғау жүйесі бар өз зертханасында диагностикалық, мониторингтік жұмыстар және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында ғана пайдаланады.

    Биоматериал коммерциялық лицензия өнімдерін немесе көрсетілетін қызметтерді өндіру немесе сату сияқты коммерциялық мақсаттарда пайдаланылмайды", - деді сенатор.

    Тоқаев биологиялық материал алмасу туралы келісімді ратификациялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.