Тоқаев Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы артқанын мәлімдеді
Опубликовано:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін мерекелеуге арналған шарада сөз сөйлеп, әлеуметтік саясаттың басым бағыттары туралы айтты. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Биыл "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында 115 жаңа медицина нысаны салынды. Отандық медицинада емдеудің инновациялық әдістері енгізіліп, онкологиялық қызметті кешенді жаңғырту жұмыстары басталды", - деді президент.
Ол мамандықтың беделін арттыруға бағытталған медицина қызметкерлерінің құқықтық және қаржылық қорғалуы туралы заң қабылданғанын айтты.
"Сала қызметкерлерін құқықтық және қаржылық тұрғыдан қорғау туралы заң қабылданды. Бұл - аталған мамандықтың мәртебесін арттыруға бағытталған қадам. Осы және басқа да жүйелі шаралардың нәтижесінде негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштердің жақсарғаны байқалып отыр.
Орташа өмір сүру ұзақтығы Тәуелсіздік жылдарында алғаш рет 75 жастан асты. Ұрпаққа сапалы білім беру - маңызды міндет. Елімізде "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы қолға алынды. Соның арқасында 500 мыңға жуық бала жаңа білім ордасында оқитын болады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2177915-toqaev-qazaqstanda-omir-suru-uzaqtygy-artqanyn-malimdedi/