jitsu gif
Саясат

    Семейде тұңғыш рет "ProfCity-2024" іс-шарасы өтті

    "ProfCity-2024"болашақ мамандығын таңдау
    Фото: Семей қаласы әкімнің баспасөз қызметі

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жыл Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланды. Бұл туралы Семей қаласының әкімдігі хабарлады.

    Осыған орай, Республика күні қарсаңында Семей қаласында алғаш рет "ProfCity-2024" іс-шарасы ұйымдастырылды.

    Фото: Семей қаласы әкімнің баспасөз қызметі

    Бұл іс-шара елдің экономикалық тұрақтылығын нығайтып, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған. Оған қаладағы барлық жоғары оқу орындары мен колледждер қатысты, өздері оқытатын мамандықтар бойынша шеберлік сыныптары мен көрмелер ұйымдастырды. Көрмеге фелдшер, өрт сөндіруші, ІТ маман, шаштараз, дизайнер, дәнекерлеуші сынды түрлі мамандықтар қатысты.

    Фото: Семей қаласы әкімнің баспасөз қызметі

    Іс-шараны мектеп оқушыларымен бірге қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов та тамашалады.

    Фото: Семей қаласы әкімнің баспасөз қызметі

    Бұл шараның мақсаты – оқушыларға болашақ мамандық таңдауда көмек көрсету, пайдалы кәсіптер туралы көзқарастарын дамыту және мамандықтардың ерекшеліктерін таныстыру.

    Фото: Семей қаласы әкімнің баспасөз қызметі

    Іс-шара барысында оқушылар мамандықтардың "образына" еніп, олардың қызықты әрі қиын тұстарын сезініп көру мүмкіндігіне ие болды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.