Саясат

Зектілері

Түркістан облысы әкімінің орынбасары жол жөндеуші мердігерлерді сынға салды

Жарияланған күні:

Зұлпыхар Сансызбайұлы мердігерлерді сынады
Зұлпыхар Сансызбайұлы мердігерлерді сынады. Фото: t.me/ Түркістан облысы әкімдігі

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Сансызбайұлы жол жөндеу жұмыстарының сапасын арттыру жөнінде жиналыс өткізіп, мердігерлерді сынға алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өңір әкімдігі баспасөз қызметінің Telegram-дағы ақпаратына сүйенсек, күн тәртібінде 2 мәселе қаралған. Жиында жолдарды және көшелерді жөндеудің сапасы бойынша мәселелер талқыланған. Сондай-ақ жұмысын дұрыс атқара алмайтын мердігерлерге қатаң ескерту айтылған.

"Құрылыс кезеңінің аяқталуына аз уақыт қалғаны белгілі. Жолдарды және көшелерді жөндеу барысында сапа бойынша мәселелер бар. Сәйкесінше жұмысын дұрыс атқара алмайтын мердігерлер де жетерлік. Атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы бойынша әлі де сын-ескертпелер азаймай отыр.

Бұл бойынша үнемі айтып келемін, шешу жолдары да ұсынылуда. Мен сіздерден нәтиже күтемін. Мердігер мекемелер, өздеріңізге жүктелген міндеттемелерді сапалы әрі тиісті деңгейде атқару қажеттігін назарға алыңыздар", - деді Зұлпыхар Сансызбайұлы.

Ол келесі жиналысқа дейін нақты нәтижелер болмаған жағдайда тиісті аудан әкімдерінің салалық орынбасарлары мен бөлім басшыларына қатысты түпкілікті шешім қабылданатынын ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2179965-turkistan-oblysy-akimining-orynbasary-zhol-zhondeushi-merdigerlerdi-synga-saldy/