jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Сөздің бәтуасы болмауының себебі неде": Ринат Зайытов премьер-министрден уәделер неге орындалмай жатқанын сұрады

    Ринат Зайытов
    Ринат Зайытов. Фото: instagram.com/rinat_zaitov_resmi

    Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутат Ринат Зайытов премьер-министр Олжас Бектеновтен үкімет берген "уәделер" неге жөнді орындалмай жатқанын сұрады. Депутат елге берілген уәделердің біразын тізбелеп шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Депутат Ринат Зайытов премьер-министр Олжас Бектеновке үкіметтің жұмысына қанағаттанбайтынын білдіріп, елге уәде етілген, бірақ жеткілікті деңгейде орындалмаған бірнеше мәселені атап көрсетті.

    "Жалпы мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 400 жайлы мектеп салынуы керек еді, оның саны 369-ға түсіп, әлі 157-не ақша жоқ болып отыр. 2024 сәуірінен бастап ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңгені ұлғайту керек еді, ол да мемлекет басшысының тапсырмасы болатын. Кеше экономика министрінің айтуынша, мұнда да қозғалыстар жоқ. 2025 жылға дейін жолдардың 95 пайызы жөнделуі керек еді. Бұл да іске асуы неғайбыл екенімен келісетін шығарсыз. Тағысын тағы, жетіп жатыр. Елге берген, бізге берген уәделерді айтып, ешкімнің бетіп қызартпай-ақ қояйын. Осы орайда сұрақ: министрлер кабинетінде сөздің бәтуасы болмауының себебі неде? Сіздің алда осының алдын алу үшін қандай жоспарыңыз бар?", - деп сұрақ қойды Ринат Зайытов.

    Үкімет басшысы Олжас Бектенов бұл жағдайды бюджет тапшылығымен байланыстырады.

    "Үкіметтің жұмысы мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға бағытталған. Біздің барлық іс-әрекетіміз соған байланысты. Осы бюджетті қараған кезде бізге 32 трлн теңгеге өтінімдер түсті. Бірақ қолымызда бар қаражат 15-ақ трлн теңге. Осы қаражаттың шеңберінде біз барлық жұмысты ұйымдастырып жатырмыз. Ал әрі қарай экономикамызды дамытып, елде жоғары өңделген тауарларды өндіруіміз қажет. Сонда бюджеттік кірістер өседі, уәделердің барлығы орындалады", - деп жауап берді премьер-министр Олжас Бектенов.

    "Сөздің бәтуасы болмауының себебі неде": Ринат Зайытов премьер-министрден уәделер неге орындалмай жатқанын сұрады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.