jitsu gif
Саясат

    Тоқаев бағалы және түсті металдарды игерумен айналысатын халықаралық ірі компания басшысымен кездесті

    Қасым-Жомарт Тоқаев, Виталий Несис
    Қасым-Жомарт Тоқаев, Виталий Несис. Фото: akorda.kz

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 31 қазанда Solidcore Resources plc компаниясының бас атқарушы директоры Виталий Несисті қабылдады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Мемлекет басшысына бағалы және түсті металдарды барлау, игеру және қайта өңдеумен айналысатын ірі компанияның Қазақстандағы қызметінің нәтижесі жөнінде мәлімет беріліп, алдағы уақытқа арналған жоспары таныстырылды.

    Президентке Solidcore Resources plc компаниясы Павлодар облысында "Ертiс ГМК" жаңа гидрометаллургия кешенінің құрылысын бастағаны жөнінде баяндалды. Болашақ зауыт жылына 300 мың тонна концентрат шығара алады. Құрамындағы алтынның үлесі 98 пайызға жуықтайтын Доре құймасын шығару жоспарланып отыр.

    Сондай-ақ Виталий Несис Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қарағандыда геологиялық зертхана салу жоспарын таныстырды.

    Кездесу соңында мемлекет басшысы компанияның отандық өнеркәсіпке қажетті инженер мамандар даярлау мақсатында қабылдаған шараларының маңызы зор екенін атап өтті.

    Тоқаев бағалы және түсті металдарды игерумен айналысатын халықаралық ірі компания басшысымен кездесті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.