jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Саран қаласы әкімінің ақпараты шындыққа жанаспады": өңір басшысы жылыту маусымындағы олқылықтарға тоқталды

    Жылу электр орталығы
    Жылу электр орталығы. Көрнекі фото: Vithun Khamsong/Getty Images

    Қарағанды облысының тұрғындары жергілікті арнаның тікелей эфирінде өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаевқа сұрақтарын қойды. Облыс әкімі жылыту маусымындағы мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ әкімдікке сілтеме жасап.

    Әкім хабар қатысқан кезінде call-орталық операторлары 70-ке жуық қоңырау мен хабарламаларды қабылдады.

    Мәселелердің басым бөлігі коммуналдық және әлеуметтік салаларға, жолдарға, абаттандыруға қатысты болды.

    Ермағанбет Бөлекпаев Саранның орталық қазандығының жағдайын түсіндірді.

    "Жаңа қазандық 13 жыл бойы салынды. Қазір іске қосу жұмыстары жүріп жатыр. Орталық қазандық 102 үйге жылу береді. Қазір жылу көзінде төрт қазандықтың екеуі жұмыс істеп тұр. Қазандықты іске қосу кезінде сорғы жабдықтарымен байланысты техникалық ақаулар болды. Жазда қала әкіміне сақтандыру үшін жергілікті қазандықтарды дайындау тапсырылды. Оның баяндамаларына сүйенсек, қосымша қазандықтар дайын болған. Бірақ ақпарат шындыққа жанаспады. Салдарынан бұл қазандықтар кейінірек іске қосылды", - деді облыс әкімі.

    Ол Саран қаласында жылу мәселесі жеке бақылауда деп сендірді. Күн сайын облыс әкімінің бірінші орынбасары сол жерде барлығын қадағалап жүргенін, келіп түскен шағымдарды жедел шешуге тырысатынын айтты.

    "Саран қаласы әкімінің ақпараты шындыққа жанаспады": өңір басшысы жылыту маусымындағы олқылықтарға тоқталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.