jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев бірқатар мемлекетке жаңа елшілерді тағайындады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін бірқатар мемлекетке Қазақстанның жаңа елшілерін тағайындады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Тимур Владимирұлы Пірімбетов Қазақстанның Қасиетті Тақ жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстанның Иерусалим, Родос және Мальта Қасиетті Иоаннының Егеменді Әскери Госпитальерлер Орденінің жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, ол Қазақстанның Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

    Алмұрат Асылмұратұлы Тұрғанбеков Қазақстанның Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

    Жанна Ниязбекқызы Сағынова Қазақстанның Словак Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

    Әнуарбек Серікұлы Ахметов Қазақстанның Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

    Қазақстанның Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Асаниязұлы Саржанов Қазақстанның Ватикан Мемлекетіндегі және Иерусалим, Родос және Мальта Қасиетті Иоаннының Егеменді Әскери Госпитальерлер Орденінің жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;

    Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстанның Словак Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

    Қазақстанның Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстанның Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымынан босатылды.

    Тоқаев бірқатар мемлекетке жаңа елшілерді тағайындады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.