jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДМ
    Динар Мұрат
    Бұрынғы қызметкер

    Украинадағы қазақстандықтар эвакуациялау туралы өтініш білдірді ме: елші жауап берді

    Украинадағы қазақстандықтар
    Қазақстан мен Украина туы. Көрнекі фото: Getty Images/Stringer

    Украинадағы қазақстандықтар тарапынан елден эвакуациялану туралы өтініш түсті ме? Бұл сұраққа Қазақстанның сол елдегі елшісі Дархан Кәлетаев жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Дархан Кәлетаевтың мәліметінше, Қазақстан азаматтарынан ондай өтініштер түспеген.

    "Қазір елшілік Украина аумағында жүрген Қазақстан Республикасының 300 азаматымен байланыс орнатты", - деді ол.

    Сондай-ақ қауіпсіздік мақсатында қазақстандықтарға белсенді ұрыс қимылдары жүріп жатқан жерлерден немесе оған жақын орналасқан аумақтардан және артиллериялық атқылау мен әуе шабуылдарының күшеюіне байланысты Украинадан кету мүмкіндігін қарастыруға кеңес берілген.

    "2024 жылғы 22 қарашадағы жағдай бойынша, Қазақстанның Украинадағы елшілігінің мәліметінше, Украина аумағында Қазақстан Республикасының 1 789 азаматы тіркелген. Оның ішінде тұрақты консулдық тіркеуде – 1 193 азамат, ал уақытша тіркеуде – 596 Қазақстан Республикасының азаматы бар", - деп қосты Қазақстанның Украинадағы елшілігі өкілдері.

    Свежая публикация по теме:
    Зеленский Аляскадағы саммиттен кейін Трамппен сөйлесті

    Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров елшілік штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын және министрлікке қарасты Ахуалдық орталықтың жағдайды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.

    "Бізге келіп түскен ақпаратқа сәйкес, шетелдік дипломатиялық корпус Киевте жұмысын жалғастыруда және азаматтарын эвакуациялау шараларын бастаған жоқ. Сол жердегі азаматтардан қауіпсіз жерге көшіру туралы өтініштер түспеген, сондай-ақ арнайы рейс жіберу жоспарланбаған. Өздеріңіз білетіндей, Украинадағы ұрыс қимылдары күні кеше ғана басталған жоқ. Біздің болжамымыз бойынша, Украинада шамамен 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін, бірақ елдегі жағдайға байланысты нақты санын айту қиын", – деді Смадияров.

    Ол қазақстандық дипломаттар отандастар өтініш білдірген жағдайда барлық қажетті көмекті көрсетуге дайын екенін айтты.

    Еске сала кетсек, 21 қарашада Ресей президенті Владимир Путин Ресей аумағына жасалған зымырандық соққылар туралы мәлімдеп, бұл жағдайдан кейін Украинамен қақтығыс жаһандық сипатқа ие болғанын хабарлаған еді.

    Осы мәлімдемелерден кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

    Украинадағы қазақстандықтар эвакуациялау туралы өтініш білдірді ме: елші жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.