jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДМ
    Динар Мұрат
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақ-өзбек шекарасындағы көлік кептелісінің себебі белгілі болды (фото)

    Қазақ-өзбек шекарасындағы кептеліс
    Кептеліс. Фото: МКД

    Мемлекеттік шекараның қазақ-өзбек учаскесіндегі "Тәжен" бақылау-өткізу бекетінде Қазақстан Республикасынан 400-ден астам жүк көлігі шыға алмай, кептелісте тұр. Бұл жөнінде Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті өкілдері хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ сайты.

    Ведомство хабарламасына сәйкес, кептеліске Өзбекстан Республикасындағы "Дәуіт-Ата – Қоңырат" (400 км) тасжолының ашылуы себеп болған. Соның салдарынан жүк көліктеріне ұзын-сонар кезек күтуге тура келген.

    Қазақ-өзбек шекарасындағы кептеліс
    Шекара. Фото: МКД

    Сонымен қатар қазір "Тәжен" өткізу бекетінде өткізу пунктін жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру аясында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді.

    "Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік шекара арқылы өтуде ұзақ күтуді болдырмау мақсатында жүктерді тасымалдаудың баламалы бағыттарын таңдауды немесе жүктерді жеткізуге көбірек уақыт бөлуді ұсынады", - деген үндеу жасалды хабарламада.

    Ведомство өкілдері кедендік операцияларды жеделдетуге бағытталған қосымша шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді.

    Қазақ-өзбек шекарасындағы көлік кептелісінің себебі белгілі болды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.