jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте аудандық прокуратураның жаңа ғимараты ашылды (видео)

    Ашылу салтанатынан
    Ашылу салтанатынан. Видеодан кадр: instagram.com/ rsk_shymkent

    Шымкентте күрделі жөндеуден кейін Әл-Фараби аудандық прокуратурасы ғимаратының салтанатты ашылуы өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Шымкент қалалық ӨКҚ Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, шараға Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев қатысқан. Ол ашылу салтанатында прокуратура қызметкерлеріне көрсетілген қолдауды мемлекет пен қоғамның сенімінің дәлелі ретінде атап өтіп, әрбір қызметкердің міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен орындауы қажет екенін айтты.

    Жаңа ғимаратта 47 қызметтік бөлме, мәжіліс залы, жауап алу бөлмелері және басқа да қажетті бөлмелер орналасқан. Нысанның материалдық-техникалық жабдықтары халық қажеттілігіне толықтай сай келеді.

    Қала прокуроры Ғабит Мұқанов жаңа ғимараттың азаматтардың құқықтарын тиімді қорғауға қажетті барлық жағдайды қамтамасыз ететінін атап өтті.

    Шымкентте аудандық прокуратураның жаңа ғимараты ашылды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.