jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Талғат Дүйсенбек
    Талғат Дүйсенбек
    Бұрынғы қызметкер

    Сайлау 15 желтоқсанда өтеді: Талғар әкімі лауазымына кім үміткер

    сайлау
    Сайлау жәшігі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Талғар қаласының әкімі қызметіне үш адам үміткер болды. Сайлау биыл 15 желтоқсанда өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы қала әкімі қызметінен үміткерлерді тіркеу аяқталғанын жариялады. Сайлау комиссиясы таратқан қорытынды хабарламада үш үміткер сайлауға түсетіні айтылған.

    Үшеуі де Талғар қаласында туған. Олар:

    • Арыстанбек Әбілқайырұлы, Amanat партиясы атынан ұсынылған үміткер. "Талғар тұрғын үй" мемлекеттік мекемесінің басшысы. 1983 жылы туған.
    • Кәденов Жәнібек Жанболатұлы, Қазақстан халық партиясы атынан ұсынылған үміткер. Талғар ауданы әкімінің аппараты Қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы. 1991 жылы туған.
    • Рамазанов Әлібек Ғайсаұлы, Бесағаш ауылы әкімінің орынбасары. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен үміткер болып тіркелген. 1982 жылы туған.

    Естеріңізге сала кетейік, Талғар қаласының осыған дейінгі әкімі Бақыт Күрішбаев 15 қазанда қызметтен босатылды.

    Күрішбаев 2022 жылғы маусым айында Талғар әкімін сайлауда 47,71 пайыз дауыспен жеңіске жеткен. Сол кезде саяси науқанға сайлаушылардың бар болғаны 23,77 пайызы ғана қатысқан.

    Сайлау 15 желтоқсанда өтеді: Талғар әкімі лауазымына кім үміткер

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.