jitsu gif
Саясат

    Тоқаев Қарулы күштерде кадрлық өзгеріс жасады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы күштерде кадрлық ауыс-түйіс жасады. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

    Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Асан Қуанышұлы Жүсіпов Қазақстан Республикасының Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

    Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.

    Сонымен қатар бұл лауазымдарға жаңа қолбасшылар тағайындалды.

    "Мереке Мәтімұлы Көшекбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

    Ержан Уақасұлы Ыбыраев "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.