jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Қазақстандықтарға Оңтүстік Кореяда жұмыс істеуге мүмкіндік беретін меморандум қашан қабылданады

    Корея Республикасының туы
    Корея Республикасының туы. Көрнекі сурет: Jason Hosking / Getty Images

    Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі парламент мәжілісіндегі журналистердің Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы меморандум қашан қабылданатыны туралы сауалына жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Өткен айда ғана сыртқы істер министрі Оңтүстік Кореяда осы елдің еңбек министрімен келіссөз жүргізді. Ол жақта еңбек министрлігінің басшысы ауысып, бізден келісімге отыру ісі созылып кетті. Ол (меморандум – ред. ескертпесі) дайын, Оңстүстік Кореяға талқылау мен келістіруге жолданған", - деп мәлімдеді еңбек министрі Светлана Жақыпова.

    Оның айтуынша, меморандум жыл аяғына дейін қабылданады деп жоспарланған. Құжат қазақстандықтарға Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге баруға мүмкіндік береді.

    Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың басында Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяда шамамен 7-8 мың қазақстандық заңсыз миграцияда жүргенін хабарлаған. Олардың еш қиындықсыз елге оралуы үшін "жасыл дәліз" ұйымдастырылған.

    Биыл қаңтарда Қазақстан Оңтүстік Кореяның Employment Permit System жүйесіне қосылуы мүмкін екені мәлім болды. Сол кезде қазақстандықтар осы елде заң аясында жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

    Қазан айында еңбек министрлігі Оңтүстік Корея билігінің заңсыз мигранттарды алып кету шарттарын ұсынғанын хабарлаған. Бұл уақытта осы елдегі заңсыз қазақстандықтар саны 15 мыңға жетіп үлгерген.

    Қазақстандықтарға Оңтүстік Кореяда жұмыс істеуге мүмкіндік беретін меморандум қашан қабылданады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.