jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДМ
    Динар Мұрат
    Бұрынғы қызметкер

    "Сыраның да, көліктің де қатысы жоқ": депутат Жигули Дайрабаев есімінің құпиясын ашты

    Депутат Жигули Дайрабаев
    Депутат Жигули Дайрабаев. Скриншот: youtube.com/@mazhilis_kz

    Мәжіліс депутаты Руслан Берденов депутат Жигули Дайрабаев есімінің мағынасын сұрады. Оның сыраға да, көлікке де еш қатысы жоқ болып шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Massaget.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Көлік кейін 69-70 жылдары шықты ғой. Есімімді марқұм әкем қойып еді. Қазіргі Самара қаласының маңында, Ресейде Жигули деген тау бар. Қазақтар ырымшыл ғой. Сыраның да, көліктің де қатысы жоқ. Ырымдап, таудай болсын деп қойды. Әкеме де, есіміме де рақмет", - деп жауап берді депутат.

    Бұған дейін депутат Жигули Дайрабаев мәжіліс отырысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновқа Қазақстан футбол федерациясының жаңа басшысын сайлауға қатысты өтінішін айтқанын еске саламыз.

    Министр Ербол Мырзабосынов депутаттың сұрағына жауап бере келе, қарастырылып жатқан заң жобасына сәйкес, алдағы уақытта легионерлер квазимемлекеттік сектордан қаржыландырылмайтынын айтты.

    "Сыраның да, көліктің де қатысы жоқ": депутат Жигули Дайрабаев есімінің құпиясын ашты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.