jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкенттегі "Бозарық-3" шағынауданы көгілдір отынмен қамтылды

    Табиғи газ
    Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

    Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қаратау ауданында жергілікті тұрғындармен және QazaqGaz Aimaq АҚ басшылығымен бірге "Бозарық-3" шағынауданына табиғи газ қосу шарасына қатысты. Бұл шара шамамен 700 тұрғын үйдің табиғи газға қосылуына мүмкіндік береді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Әкімдік мәліметінше, мегаполис басшысы тұрғындарды құттықтап, шағынауданды газдандыру халықтың өмір сүру сапасын арттыру жолындағы тағы бір маңызды қадам екенін атап өткен.

    "Тұрғын алабын газдандыру Шымкент қаласы халқын табиғи газбен қамтамасыз ету туралы ауқымды бағдарламаның бір бөлігі болатын. Бұдан бөлек желтоқсан айында мұнда ауызсу мен электр энергиясымен қамту жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деді Ғабит Сыздықбеков.

    Айта кетейік, биыл күзде "Қайнарбұлақ-"1, "Қаратөбе" және "Бозарық-2" тұрғын алаптарының тұрғындары да табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие болды. Жыл соңына дейін "Қайнарбұлақ-2", "Қайтпас-1", "Ынтымақ", "Тассай" және "Еламан" шағынаудандарына да газ жеткізіледі.

    Шымкенттегі "Бозарық-3" шағынауданы көгілдір отынмен қамтылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.