jitsu gif
Саясат

    Қанша қазақстандық 2025 жылы әскерге қабылданады

    Сарбаз
    Сарбаз. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    2025 жылы 42 мыңға жуық қазақстандық әскер қатарына қабылданады. Қорғаныс министрлігінің жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Құжат жобасына сәйкес, облыстар мен республикалық маңызға ие қалалардың әкімдеріне 2025 жылы "әскерге қабылдау комиссияларының жұмысы мен әскерге қабылдау науқанын" ұйымдастыру тапсырылған.

    Науқан екі кезеңде жүзеге асырылады: наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында.

    Әкімдіктер осы уақытр аралығында 18-27 жас аралығындағы 41 706 адамды әскерге жіберуі керек.

    Жобада әскерге қабылдау науқаны жүріп жатқан уақытта ІІМ кезекшілік атқаруы, ал көлік министрлігі оларды әскерге жеткізуді қамтамасыз етуі керектігі айтылған.

    Құжат жобасын 13 желтоқсанға дейін талқылауға болады.

    2024 жылы күзгі науқан кезінде Қазақстан армиясына 20 мыңнан аса жас сарбаз түседі. Науқан желтоқсанның аяғында аяқталады.

    Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2025 жылы запастағы 915 офицер әскерге қабылданады. Олар екі жыл қызмет етеді.

    Естеріңізге сала кетейік, биыл күзде Қазақстанда әскерге шақыру жасын 20-ға дейін көтеру туралы ұсыныс талқыланған.

    Қанша қазақстандық 2025 жылы әскерге қабылданады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.