jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Ішкі істер министрлігі әлде әкімдік: Марат Ахметжанов қай салада жұмыс істеген қиынырақ екенін айтты

    Марат Ахметжанов
    Марат Ахметжанов. Фото: t.me/ortcom_kz

    Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қызметіне қатысты пікір білдірді. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Брифинг барысында журналистердің бірі бір жыл бұрын Ақмола облысының әкімі болып тағайындалған экс-ішкі істер министрінен қай қызметі оңайырақ екенін сұрады.

    "Екеуі екі түрлі сала, тіптен салыстыруға келмейді. Жеңілі жоқ. Әр жұмыстың өз қиындықтары, жауапкершілігі бар. Жұмысыма кірісіп кеттім, жасап жатырмын. Бұрынғы қызметімнің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болса, қазіргі қызметім – халықтың әл-ауқатын жақсарту", - деп жауап берді әкім.

    Сондай-ақ Марат Ахметжанов бұрыңғы Ішкі істер министрлігіндегі қызметі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікте алған тәжірибесі облыстың әлеуметтік-экономикалық деңгейін көтеруге септігін тигізіп отырғанын айтты.

    "Басты жұмыс – бөлінген ақшаны орнымен жұмсау. Осыған ерекше көңіл аударып отырмын. Ауылшаруашылығын жақсартуға біраз қаражат бөлініп жатыр. Мемлекеттен бөлінген ақша халықтың жағдайын, әл ауқатын жақсартуға арналған. Бұл жерде қатаң тәртіп керек. Әр тиынға халыққа пайда әкелу үшін жұмыс жасап жатырмыз. Ауылшаруашылығының дамуы ауылдардың жағдайының жақасаруына әкеледі. Бұл сала менің жеке бақылауымда", - деді спикер.

    Марат Ахметжанов құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста екенін, атқарылған жұмыстардың арқасында Ақмола облысының табысы 38 пайызға өскенін атап өтті.

    Ішкі істер министрлігі әлде әкімдік: Марат Ахметжанов қай салада жұмыс істеген қиынырақ екенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.