jitsu gif
Саясат

    Көне шаһардағы қоғамдық көліктердің қатары жаңа 20 автобуспен толықты

    Автобустар
    Фото: Тараз қаласының әкімдігі

    Тараз қаласын өркендетуге бағытталған үш жылдық даму жоспарында ерекше басымдық берілген мәселелердің бірі – қоғамдық көліктерді жаңарту. Соңғы 2 жылдың бедерінде бұл жоспар бойынша нақты жүйелі жұмыстар қолға алынды. Айталық, осы мақсатта бүгін жаңа 20 автобус ел игілігіне берілді, деп хабарлайды Тараз қаласы әкімдігі.

    Шараға қала әкімі Бақытжан Орынбеков қатысып, қоғамдық көліктердің кілтін салтанатты түрде табыстады.

    Орынбеков Бақытжан
    Орынбеков Бақытжан. Фото: Тараз қаласының әкімдігі

    Атап айтсақ, "ӘулиеатаТрансПасс" ЖШС тарапынан жеткізілген 15 бірлік Isuzu маркалы автобустардың 8-і №44, қалған 7-еуі №23 маршруттардағы ескірген көліктерді алмастырады.

    Автобус салоны
    Фото: Тараз қаласының әкімдігі

    Ал "RashLau" ЖШС-не тиесілі 5 автобустың 3-еуі №13 маршрутқа берілсе, 2-еуі №18 бағытты толықтырады. Өзбекстанда шығарылған 70 адамға арналған аталмыш автобустың барлығы төмен еденді пандуспен жабдықталған.

    Орынбеков Бақытжан
    Орынбеков Бақытжан. Фото: Тараз қаласының әкімдігі

    Жалпы үш жылға бағытталған даму картасы аясында көне шаһарға 2023 жылы 73 бірлік жаңа автобус жеткізілсе, биылдың өзінде олардың қатары 155 автобуспен толықты. Осылайша биылға жоспарланған 70 автобус алу бойынша меже артығымен орындалды.

    Автобустар
    Фото: Тараз қаласының әкімдігі

    Осының нәтижесінде №13, №18, №41 бағыттар қайтадан іске қосылса, №28, №34, №46, №54, №55, №61, №33, №40, №16, №44 маршруттарда қызмет көрсететін автобустар толықтай, ал №12, №23, №29, №27 бағыттар ішінара жаңа қоғамдық көліктерге алмастырылды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.