jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандағы АЭС құрылысы: әлеуетті жеткізушілермен келіссөздер жүргізілді (фото)

    АЭС
    Иллюстративное фото: depositphotos.com

    Қазақстандық делегация Францияның ядролық саладағы жетекші компанияларымен бірқатар келіссөз жүргізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Энергетика министрлігіне сілтеме жасапм хабарлайды.

    Энергетика министрлігі мәліметінше, 4-6 желтоқсан аралығында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Франция Республикасында болды.

    Сапар барысында Сыртқы сауда және шетелдегі француз азаматтарының істері жөніндегі министр-делегатпен, энергетика жөніндегі министр-делегатпен және Францияның энергетика және климат жөніндегі директорымен кездесулер өтті.

    АЭС құрылысы бойынша әлеуетті жеткізушілермен келіссөздер жүргізілді
    АЭС құрылысы бойынша әлеуетті жеткізушілермен келіссөздер жүргізілді. Фото: Энергетика министрлігі

    "Қазақстандық делегация Францияның атом саласындағы жетекші ұйымдарымен, соның ішінде ірі энергия өндіруші компаниямен және EDF атом электр станцияларының операторымен, Framatome атом электр станцияларына арналған жабдықтарды әзірлеуші және өндіруші, сондай-ақ Arabelle Solutions атом электр станцияларына арналған турбиналық жабдықтарды жеткізушімен келіссөздер жүргізді.

    Сонымен қатар күрделі инфрақұрылымдық нысандар, соның ішінде атом электр станциялары үшін инжинирингтік қызметтер, жобаларды басқару және цифрлық шешімдерге маманданған Assystem халықаралық консалтингтік компаниясымен кездесу өтті", - делінген ведомство хабарламасында.

    Делегация, сондай-ақ, Радиациялық қорғаныс және ядролық қауіпсіздік институтының (IRSN) дағдарыс орталығында және атом электр станцияларына арналған жабдықтар шығаратын зауытта барған.

    "Француз тарабы Қазақстанға атом электр станциясын салу жобасын іске асыруда қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Өндірілетін электр энергиясының шамамен 70 пайызын атом энергиясы алатын Франция бұл салада әлемдік көшбасшы болып саналады", - дейді министрлік өкілдері.

    Еске салсақ, EDF Қазақстан үшін ядролық технологиялардың әлеуетті жеткізушілерінің қысқаша тізіміне енгізілген.

    Қазақстандағы АЭС құрылысы: әлеуетті жеткізушілермен келіссөздер жүргізілді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.