jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Гурбангулы Бердімұхамедов қызын жаңа қызметке тағайындады

    Огулджахан Атабаева
    Огулджахан Атабаева. Фото: turkmen.news

    Гурбангулы Бердімұхамедов үлкен қызы Огулджахан Атабаеваны Қамқорлыққа мұқтаж балаларға көмек көрсету қайырымдылық қорының медициналық қызмет жөніндегі вице-президенті қызметіне тағайындады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Тurkmen.news басылымына сілтеме жасап хбарлайды.

    Бұл тағайындау 7 желтоқсанда Аркадаг қаласында өткен Қайырымдылық қорының басқарма отырысында жария етілді.

    Огулджахан Атабаева – жақында Лондондағы Түрікменстан елшілігінің кеңесшісі болған Довлет Атабаевтың әйелі.

    Басылым мәліметінше, 2019 жылы көлікте телефонын пайдаланған ерлі-зайыптыларды лондондық велоспортшы видеоға түсіріп алған болатын. Кейін Атабаев сөгіс жарияланған еді.

    Ерлі-зайыптылар Түрікменстанға елдегі Аркадаг қаласының құрылысының басталуына байланысты оралған.

    Turkmen.news сайтының хабарлауынша, Довлет Атабаев ресми түрде Аркадаг құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитет басшысы Дерья Оразовтың кеңесшісі болғанымен, медициналық кластер нысандарын басқарады.

    Гурбангулы Бердімұхамедов қызын жаңа қызметке тағайындады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.