Саясат

Зектілері

Тоқаев Хромтаудағы "Болашақ" шахтасының жұмысымен танысты

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары "Болашақ" шахтасын аралап көруден басталды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәлімет бойынша, мемлекет басшысына жаңа нысанда 1800 жұмыс орны құрылатыны жөнінде мәлімет берілді. Тартылатын инвестиция көлемі 1 триллион теңгеден асады. Шахтаның қуаттылығы жылына 7,5 миллион тонна хром рудасын өндіруге жетеді.

Eurasian Resources Group директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимов "Болашақ" шахтасы ERG компаниялар тобының ірі инвестициялық жобаларының бірі саналатынын атап өтті.

Кәсіпорын "Миллионное" және "Алмас-Жемчужина" кен орындарын игерумен айналысады. Кен қазу ісіне автоматты режимде бұрғылайтын интеллектуалды бұрғылау қондырғысы, қашықтан жер үстінде басқару жүйесі, сондай-ақ толықтай автоматтандырылған жүк көтеру машиналары секілді озық технологиялар мен заманауи құрал-жабдықтар қолданылады.

Компания басшысының айтуынша, Дөң тау-кен байыту комбинатына қарасты "Болашақ" шахтасын іске қосу еліміздің тау-кен өнеркәсібіндегі тарихи оқиға болмақ.

Еске салсақ, бүгін, 10 желтоқсанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына барды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2198426-toqaev-hromtaudagy-bolashaq-shahtasynyng-zhumysymen-tanysty/