jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте үш тұрғын алабы мен кәсіпорындар газға қосылды

    Табиғи газ
    Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

    Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен "QazaqGaz "ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов тұрғындармен бірге Қайнарбұлақ, Тассай және Еламан тұрғын алаптарын, сондай-ақ Тассай индустриялық аймағындағы бірқатар кәсіпорынды газға қосуға қатысты. Бұл туралы Шымкент әкімдігі Instagram-дағы парақшасында хабарлайды.

    Жергілікті тұрғындардың қуанышын бөліскен қала әкімі газ пайдалану кезіндегі сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертті. Айта кетейік, аталған шағын аудандарды газға қосу жұмыстары өткен жылдан бері жүргізіліп келеді. Жұмыстардың уақытылы аяқталуы нәтижесінде Шымкентте 25 мыңнан астам абонент 2024 жылы газға қол жеткізеді.

    Тұрғын үйлерді көгілдір газға қосу қала экологиясы үшін тиімді, сондай-ақ тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Нысандарды қосқаннан кейін Шымкенттегі газдандыру деңгейі 97,4 пайызды құрайды.

    Естеріңізге сала кетейік, газ қосуды жеделдету үшін тұрғындарға "QazaqGaz Aimaq" АҚ-на өтінім беріп, тиісті құжаттарды ұсыну қажет.

    Шымкентте үш тұрғын алабы мен кәсіпорындар газға қосылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.