Тоқаев "Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы" ұйымының төрағасын қабылдады
Жарияланған күні:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы" (ӨСАБ) ұйымының басқарма төрағасы Хелен Кларкты қабылдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Кездесу барысында Қазақстанның 2007 жылдан бері ӨСАБ стандарттарын сақтап келе жатқаны айтылды. Президент жер қойнауын пайдаланушылардың ұйым талаптарын сақтау міндеттемелері заң жүзінде бекітілгенін атап өтті. Сонымен қатар салық пен төлемдер бойынша есептілік те ашық түрде жүргізілуде.
Тоқаев геологиялық барлау мен кен өндіру саласында қолға алынған реформаларды таныстырып, салада жаңа реттеу шаралары енгізілгенін мәлімдеді. Қабылданған шаралар қатарына:
- Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы іске қосылуы;
- Интерактивті карта мен 50 мыңнан астам геологиялық есептердің цифрландырылуы;
- Барлау және өндіру жұмыстарына лицензия алуды жеңілдету кіреді.

ӨСАБ басқарма төрағасы Хелен Кларк Қазақстанның бұл саладағы ашықтықты қамтамасыз ету бағытындағы жетістіктерін жоғары бағалап, ұйымның алдағы стратегиялық жоспарларымен бөлісті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 36-пленарлық отырысында еліміз әлемдегі бәсекеге қабілетті 35 мемлекеттің қатарына енгенін айтқан болатын. Сондай-ақ ол Кеңестің инвестициялық климатты жақсартуға қатысты мәселелерді талқылайтын маңызды диалог алаңына айналғанын атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2199023-toqaev-ondirushi-salalardyng-ashyqtygy-bastamasy-uiymynyng-toragasyn-qabyldady/