jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ляззат Салимова
    Ляззат Салимова
    Бұрынғы қызметкер

    Астанада арбаға таңылған тұрғындар қар жауғалы далаға шығудан қалған: министрлік шағымға жауап берді

    Мүгедек арбасы
    Арба. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қыс басталғалы Астана қаласындағы кей көшелердің тротуарлары қардан тазартылмаған. Салдарынан арбаға таңылған жандардың қозғалуы қиындаған. Бұл мәселеге қатысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифинг кезінде пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Брифинг барысында спикерге сұрақ қойған журналистердің бірінің айтуынша, елордаға қар түскелі кей көшелердегі тротуарлардың бойы қардан тазартылмаған. Бұл арбамен жүретін жандардың қозғалуына қиындық туғызып, олар мүлдем далаға шығудан қалғанын айтады.

    Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов өзге өңірлер түгіл Астана көшелерінің өзінде мүгедектер үшін тиісті деңгейде жағдай жасалмағанын жасырмады.

    "Ерекше қажеттіліктері бар жандардың құқықтары шектелмеуі керек. Өкінішке қарай, кей елорда ғимараттарында пандустар стандартқа сай жасалмаған. Аты ғана. Тіпті қала көшелерінде зағип жандар үшін тактильді жолдар да жоқ екені рас. Бұл мәселелердің барлығы 2030 жылға дейінгі тұжырымдамаға енгізілген. Қолдан келгенше жұмыстар атқарып жатырмыз. Бұл бір-екі күнде шешілетін сұрақ емес" - деп жауап берді министрлік өкілі.

    Төлеген Оспанқұлов келесі жылы 260 мекемеге тексеріс жүргізілетінін хабарлады. Сондай-ақ егер халықтан қандай да бір нысанға байланысты арыз түссе, ол жоспардан тыс тексерілетінін айтты.

    Астанада арбаға таңылған тұрғындар қар жауғалы далаға шығудан қалған: министрлік шағымға жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.