jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДМ
    Динар Мұрат
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда Google кеңсесі ашылуы мүмкін

    Кеңселердің ашылуы
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Tik-Tok және Netraсker компанияларының еліміздегі қызметі туралы баяндалып, Astana Hub экожүйесінің қатарына қосылған компаниялар таныстырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

    Ақорда ақпаратынша, салық жеңілдіктері, визалық қолдау және басқа да қолайлы шарттардың нәтижесінде шетелдік компаниялар мен IT-мамандар Astana Hub экожүйесінің қатарына қосылуда. Қазір ғылыми-зерттеу жобаларын бірлесе жүргізіп, жаңа өнімдер әзірлеу мақсатында елімізде Telegram, TON, Tether, Google, EPAM және басқа да әлемдік ІТ-индустрия өкілдіктерінің кеңселерін ашу үшін келіссөздер жүргізіліп жатыр.

    Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект саласындағы отандық өнімдерді тамашалады. Олардың арасында кен орындарының цифрлық телнұсқасы, дрондарды басқару және өндіріске арналған робот-ит секілді индустриялық шешімдер бар.

    Президентке мемлекеттік қызмет көрсету барысында қолданылатын жасанды интеллект технологияларының үлгілері таныстырылды. Сондай-ақ AITU экожүйесінің мүмкіндіктері, Nazarbayev University жанынан құрылған Жасанды интеллект институтының (ISSAI) жобалары – KazLLM алғашқы қазақ тілі моделі мен SoyleApp көпфункционалды қосымшасы туралы баяндалды.

    Қазақстанда Google кеңсесі ашылуы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.