Тоқаев Қазақстанның Жапониядағы елшісін ауыстырды
Жарияланған күні:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Жапониядағы елшісін ауыстырды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Мемлекет басшысының жарлығымен Сабыр Есімбеков Қазақстанның Жапониядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының жарлығымен Ерлан Баударбек-Қожатаев Қазақстанның Жапониядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстанның Грек Республикасындағы елшісі лауазымынан босатылған.
Ерлан Баударбек-Қожатаев 1989 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университететінің Азия және Африка елдері институтын, Жапон тілі институты мен Окинава халықаралық орталығында білім алған.
Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.
1992-1996 жылдары ҚР СІМ Азия және Африка департаментінде әртүрлі қызметтер атқарды.
1997-2003 жыладыр Жапониядағы елшіліктің екінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі болды.
2004-2008 жылдары СІМ Азия және Африка департаментінің директоры болды.
2008-2016 жылдары Қазақстанның Сингапурдағы елшісі, Аустралиядағы және Жаңа Зеландиядағы елшісі қызметін қоса атқарды.
2015-2016 жылдары штаб-пәтері Сингапурда орналасқан Азия-Еуропа (ASEF) қорындағы ҚР Тұрақты өкілі болды.
2016-2021 жылдары Қазақстанның Жапониядағы елшісі болды.
2021 жылғы мамырдан бастап ҚР Грек Республикасындағы елшісі лауазымын атқарды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2199332-toqaev-qazaqstannyng-zhaponiiadagy-elshisin-qyzmetinen-bosatty/