jitsu gif
Саясат

    Тоқаев Жетісу облысындағы мектептердің біріне автобус сыйға тартты (фото)

    Ынтымақ ауылындағы мектепке тарту етілген автобус
    Президент сыйға тартқан автобус. Фото: akorda.kz

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына сапары барысында Талдықорған қаласының іргесіндегі Ынтымақ ауылында биыл пайдалануға берілген №30 мектепті аралап көріп, жаңа мектепке автобус сыйлады. Бұл жөнінде Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, 1200 оқушыға есептелген білім ошағының құрылысы жергілікті бюджеттің және Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының есебінен қаржыландырылған.

    Заманауи үлгіде жабдықталған мектепте 77 оқу кабинеті, мультимедиа сыныптары, спорт, гимнастика, мәжіліс пен кітапхана залдары, ағаш, металл және тігін шеберханалары бар.

    "Президент жаңа оқу ордасын аралап көріп, оқушылармен әңгімелесті. Мемлекет басшысы мектепке автобус сыйға тартты", - делінген ресми хабарламада.

    Жалпы, биыл Жетісу облысында 3 жаңа мектеп ашылған. Оның ішінде екеуі "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында салынған. Атап айтқанда, Панфилов ауданының Жаркент қаласында 1200 орындық, Көксу ауданының Қаратал ауылында шағын жинақты мектеп пайдалануға берілді. Қазіргі кезде облыс бойынша 5 білім ошағының құрылысы жүргізіліп жатыр.

    Тоқаев Жетісу облысындағы мектептердің біріне автобус сыйға тартты (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.