jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкент қалалық мәслихатына екі депутат сайланды

    Шымкент қалалық мәслихатына екі депутат сайланды
    Шымкент қалалық мәслихатына екі депутат сайланды. Фото: otyrar.kz

    Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясында екі депутат сайланды. Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев Муфтулла Қонақбаевты таныстырып, оған депутаттық куәлігі мен төс белгісін тапсырды, деп хабарлайды Otyrar.kz.

    Сонымен қатар мәслихат депутаты Ноян Төлегеновтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі талқыланды. Оның өз өтініші бойынша өкілеттігін тоқтату туралы шешімді депутаттар бірауыздан қолдап, дауыс берді. Оның орнына "Ақ жол" партиясының шешіміне сәйкес Батырбек Әшірбаев депутат болып сайланды.

    "Заңға сәйкес партия резервте тұрған адамын ұсынады. "Ақ жол" партиясының хатына сәйкес шығып қалған орынға Батырбек Әшірбаев тіркелсін және оған төсбелгі мен куәлік табыс етілсін.

    18 мың сайлаушы қатысып, оның 73 пайызы немесе 13 мың адам дауыс беріп, Қонақбаев Муфтулла да сайланды. Осыған сәйкес №16 округ депутаты болып Муфтулла Қонақбаев тіркеліп, оған депутаттық куәлік пен төсбелгі берілсін", -деді аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев.

    Шымкент қалалық мәслихатына екі депутат сайланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.