jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДМ
    Динар Мұрат
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан тарабы Қытаймен атом электр станциясын салу бойынша келіссөздер жүргізді

    Атом электр станциясы
    Атом электр станциясы. Көрнекі фото: John Harper / Getty Images

    Қазақстан атом электр станциясын салуға қатысты Қытайдың әлеуетті ядролық технология жеткізушісімен келіссөздер өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Ведомствоның баспасөз қызметі мәліметінше, қазақстандық делегация Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барып, атом энергетикасы, мұнай-газ, электр энергетикасы және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылаған.

    "Қытай тарабы Қазақстанға АЭС құрылысы жобасын іске асыруда қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

    Сондай-ақ Алмасадам Сәтқалиев қысқа тізімге енген әлеуетті жеткізушілердің бірі – Қытай Ұлттық ядролық корпорациясының (CNNC) бас директоры Ю.Шэнмен келіссөздер жүргізді.

    Делегация сонымен қатар НПР-1000 реакторы бар салынып жатқан Чжанчжоу атом электр станциясын, Shanghai Electric атомдық энергия корпорациясының өндірістік базалары мен Қытайдың орталығындағы уранды қайта өңдеу және байыту зауытын аралады", - делінген хабарламада.

    Бұған дейін қазақстандық делегация Францияның ядролық саладағы жетекші компанияларымен бірқатар келіссөз жүргізгенін жазған болатынбыз. Француз тарабы Қазақстанға атом электр станциясын салу жобасын іске асыруда қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

    Қазақстан тарабы Қытаймен атом электр станциясын салу бойынша келіссөздер жүргізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.