Марат Сұлтанғазиев: Талғарда әкім сайлауы ашық өтетініне уәде беремін
Опубликовано:

15 желтоқсанда Талғар қаласының тұрғындары қала әкімін сайлайды. Оның қандай деңгейде ұйымдастырылатыны туралы KAZ.NUR.KZ тілшісінің сауалына Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиев жауап берді.
Бүгін, 13 желтоқсанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Марат Сұлтанғазиев Талғар қаласы әкімінің сайлауы ашық әрі әділ өтетініне уәде берді.
"Ауыл әкімдерінің сайлауы болсын, ауданға қарасты қала әкімдерін сайлау шарасы ашық түрде өтеді. Бұл жерде тәуелсіз сарапшылар, жергілікті белсенділердің өз жұмыстарын толыққанды заңды атқаруына кедергі болмайды", - деп жауап берді Марат Сұлтанғазиев.
Сондай-ақ Алматы облысының әкімі брифинг кезінде Талғардағы жағдайға байланысты отставкаға кету туралы пікірін айтты.
Айта кетейік, Талғардағы жағдайдан кейін қала әкімі қызметінен кетті, жаңа әкім енді сайланады. Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы сайлау күнін жариялаған болатын.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2200262-marat-sultangaziev-talgarda-akim-sailauy-ashyq-otetinine-uade-beremin/