"Сингапур сияқты заманауи қала": әкім Сұлтанғазиев жаңа Алатау қаласын сипаттады
Жарияланған күні:

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Астанада жұмадағы брифингте жаңадан салынатын Алатау қаласын сипаттап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Журналистер биліктің бұған дейін Алатауды Сингапурге ұқсатқанын еске салып, облыс әкімінен нақты қай ғимараттардың құрылысы Сингапур стилінде салынатынын сұрады.
"Жоспарымыз бен стратегиямызда Алатау қаласы шынымен заманауи шаһарға айналуға тиіс. Сондай мысалдардың бірі – Сингапур. Бұған дейін мен Шэньчжэньді мысалға келтіргенмін. Солардың кеңесшілерімен пікір алмасуымыздың бір себебі осы.
Маңыздылығына тоқталсам, қала түрлі салаға бөлінген, яғни осы шаһарда төрт аудан бар: сауда-экономикалық орталық, ғылым, білім, медицинаны дамыту орталығы, өнеркәсіп орталығы және мәдени-ойын-сауық орталығы. Сол себепті оны интеграцияланған қала деп атаймыз, өйткені мұнда тұрғындарға ыңғайлы болуы, сонымен бірге жұмыс орындарын ашу үшін салалардың бәрі қамтылған", - деп мәлімдеді Марат Сұлтанғазиев.
Облыс әкімі Алатау Алматы мен Астана секілді жастарға тартымды қалаға айналса деп армандайтынын айтты.
Айта кетейік, қаңтарда айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы Жетіген ауылын Алматау қаласы деп атау жөніндегі жарлыққа қол қойған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, осының алдында үкіметте Алатау қаласын дамыту мәселелері талқыланған.
Қазақстан президенті өз жолдауында Алатау қаласы не үшін құрылғанын түсіндіріп, Ақордада Alatau City жобасын іске асыру мәселелері бойынша кездесу өткізген.
Бұған дейін Алматы облысының әкімдігі болашақта Алатау қаласы қандай болатынын БАҚ өкілдеріне көрсеткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2200290-singapur-siiaqty-zamanaui-qala-akim-sultangaziev-zhanga-alatau-qalasyn-sipattady/