jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

"Әлемдік деңгейдегі заманауи қала": билік өкілдері Алатау қаласы қалай түрленетінін көрсетті (фото)

Алатау. Golden district. Қала нобайы
Алатау. Golden district. Қала нобайы: Алматы облысы әкімдігі

Алматы облысының әкімдігі болашақта Алатау қаласы қандай болатынын көрсетті. Әкімдік өкілдері қала құрамына бірнеше аймақ кіретінін мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жаңа қаланың жалпы ауданы 88 мың гектар болмақ, ал құрылған кездегі халық саны - 52,7 мың адам.

Әкімдік ұсынған ақпаратқа сүйенсек, Алатау қаласы ойын-сауық және туризм орталығы, сондай-ақ экспортқа бағытталған сауда-логистикалық орталық болады.

"Бұл тұруға ыңғайлы жағдай жасалған және тұрақты инфрақұрылымы бар заманауи, әлемдік деңгейдегі қала болады", - делінген әкімдік таратқан мәліметте.

Алатау. Gate district. Қала нобайы
Алатау. Gate district. Қала нобайы: Алматы облысы әкімдігі

Қала төрт аймаққа бөлінеді: Green disctrict – демалыс және туризм орталығы, Growing disctrict – экспортқа бағытталған сауда-логистикалық орталық, Golden disctrict – әлемдік деңгейдегі медициналық және спорттық білім беру орталығы, Gate disctrict – бизнесті дамытудың халықаралық орталығы.

Еске салсақ, былтыр қараша айында Алматы облысындағы Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала атанып, жаңа атауға ие болатыны хабарланға еді.

Алатау. Green district. Қала нобайы
Алатау. Green district. Қала нобайы: Алматы облысы әкімдігі

Қалада әуежай, БРТ және ЛРТ болады деп жоспарланып отыр. Жұмыспен қамтуды арттыру, балабақшалар мен мектептер, емханалар мен өрт сөндіру бекеттерін салу да жоспарға енгізілген. Өнеркәсіптік кәсіпорындарға келетін болсақ, олардың қызметі машина жасау, құрылыс тауарларын өндіру, химия және фармацевтикалық қызмет, металлургия, жеңіл өнеркәсіп және т.б.

Алатау. Growing district. Қала нобайы
Алатау. Growing district. Қала нобайы: Алматы облысының әкімдігі

Айта кетейік, былтыр 15 қарашада "Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Қазақстан Республикасының президенті Жарлығының жобасы әзірленген еді. Жарлық жобасы 29 қарашаға дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

2024 жылғы 9 қаңтар күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы қаулыға қол қойды.

Ұлттық экономика министрлігі қалаға айналған Алатау қалай дамитынын және өңірдің экономикалық даму жоспарларын айтып берді.

"Әлемдік деңгейдегі заманауи қала": билік өкілдері Алатау қаласы қалай түрленетінін көрсетті (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.