jitsu gif
Саясат

    Сенат Жоғарғы соттың екі судьясын қызметінен босатты

    Балға ұстап тұрған судья
    Судья балғасы. Көрнекі фото: Daniel Tadevosyan / Getty Images

    Палатаның жалпы отырысында сенат депутаттары Жоғарғы сот судьялары Ботагөз Ералиева мен Қамбар Нұрышевты қызметінен босатты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Жоғарғы палата спикері Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, президенттің Жоғарғы соттың екі судьясын қызметінен босату туралы ұсынысы сенатқа жіберілген.

    Бұл мәселе бойынша Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов сөз сөйледі. Ол Ералиева Ботагөз мен Нұрышев Қамбарды Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босату туралы ұсыныс олардың отставкаға кетуіне байланысты түскенін атап өтті.

    "Екеуі де зейнеткерлік жасқа толды және тиісінше 28 және 37 жыл судьялық өтілі бар, олар судьялар қауымдастығында лайықты беделге ие.

    Ералиева мен Нұрышевтің отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босату туралы мемлекет басшысының ұсынысын қолдауыңызды сұраймыз", - деді Малахов.

    Сенат мемлекет басшысының ұсынысын қолдады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.