jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ляззат Салимова
    Ляззат Салимова
    Бұрынғы қызметкер

    "Біреуге ұнау үшін жүрген жоқпын": Маңғыстау облысының әкімі желіде айтылған сынға пікір білдірді

    Нұрдәулет Қилыбай
    Фото: ortcom.kz

    Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай желіде, БАҚ беттерінде өзі туралы жарық көрген ақпараттарды мүлдем оқымайтынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбайға журналистердің бірі әлеуметтік желіде ол туралы жағымсыз пікірлердің көп екенін айтып, тіпті бір оқырманның "0" деген баға беремін" деген пікірін мысал ретінде келтіріп, осы тектес сындарға көзқарасын сұрады.

    "Біреуге ұнау үшін жұмыс істеп жүрген жоқпын. Алдыға қойған мақсаттарымыз бен бағдарламамыз бар. Біреуге ұнармын, біреуге ұнамаспын. Мен өзім туралы желіде немесе БАҚ-та жазылған нәрселерді мүлдем қарамаймын. Жазса, жаза берсін"- деп жауап берді Нұрдәулет Қилыбай.

    Сондай-ақ, Нұрдәулет Қилыбай қазіргі жалақысы бұрынғы мұнай компаниясында алған айлығынан аз екенін мәлім етті. Ол өзін "ӨзенМұнайГаз" компаниясын бір жарым жыл басқарғанын, айлығы жаман емес болғанын айтты.

    "Біреуге ұнау үшін жүрген жоқпын": Маңғыстау облысының әкімі желіде айтылған сынға пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.