Саясат

Зектілері

"Қалада екі аудан құрылуы мүмкін": Тараз қаласы әкімі Бақытжан Орынбековтің қатысуымен қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Жарияланған күні:

Тараздағы отырыс
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Әуелі жиынның күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – Тараз қаласында екі ауданды құру және аудандардың шекараларын белгілеу туралы қала әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұржан Бекежанов кеңінен баяндады. Бұл туралы Тараз қаласы әкімдігі хабарлайды.

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" ҚР Заңының 2-бабының 5-тармағына сәйкес, республикалық, облыстық маңызы бар қалада және Астанада халық саны 400 мыңнан асқан кезде аудандар құрылады. Бұл ретте қаладағы аудан халқының саны кемінде 200 мың адамды құрауы тиіс.

Тараздағы отырыс
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес ағымдағы жылдың ақпан айындағы жағдай бойынша Тараз қаласында 431 мыңға жуық адам тұрады, – деген Нұржан Балтабайұлы шаһар аумағына 14 елді мекеннің қосылуы нәтижесінде тараздықтардың саны 477 мыңға жуықтайтынын жеткізді.

Тараздағы отырыс
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Келесі кезекте қала әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бақыт Тоқсанбаева Тараз қаласының бірқатар құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау мәселесіне тоқталды.

Тараздағы отырыс
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Оның айтуы бойынша шаһар тұрғындарының пікірін ескере отырып, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің "Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының талаптарына сәйкес қалада жаңадан құрылатын екі ауданды "Әулиеата" және "Жібек жолы" деп атау жоспарланып отыр.

Тараздағы отырыс
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Жиында күн тәртібіне шығарылған мәселелер толық қаралып, депутаттар тиісті шешім қабылдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2202954-qalada-eki-audan-quryluy-mumkin-taraz-qalasy-akimi-baqytzhan-orynbekovting-qatysuymen-qalalyq-maslihattyng-kezekten-tys-sessiiasy-otti/