jitsu gif
Саясат

    Жигули Дайрабаев "Ауыл" партиясы төрағасының орынбасары қызметіне сайланды

    Депутат Жигули Дайрабаев
    Депутат Жигули Дайрабаев. Скриншот: youtube.com/@mazhilis_kz

    23 желтоқсанда "Ауыл" партиясы саяси кеңесі президиумының отырысында партия құрылымындағы кадрлық өзгерістер мақұлданды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ партия мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

    "Ауыл" партиясының Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланған мәліметке қарағанда, президиумның дүйсенбідегі отырысында партия төрағасының төрт орынбасары мен орталық аппарат жетекшісі сайланған.

    Атап айтқанда, Жигули Дайрабев, Қайрат Айтуғанов, Қуаныш Сейтжанов және Ғалымжан Құсманғали "Ауыл" партиясы төрағасының орынбасары болып сайланған. Ғалымжан Құсманғали, сонымен бірге партияның орталық аппаратының жетекшісі қызметін де атқарады.

    "Осы өзгерістер партия жұмысына жаңа серпін беру және оның негізгі бастамаларын ілгерілету мақсатында жүзеге асырылды. ️Олар партияның даму стратегиясын нығайтып, қоғам үшін маңызды жобаларды жүзеге асыруға және олардың тиімділігін арттыруға бағытталған", - деп хабарлады "Ауыл" партиясы.

    Саяси ұйымға Серік Егізбаев төрағалық етеді.

    "Ауыл" саяси партиясы 2000 жылы құрылған. 2022 жылы Жигули Дайрабаев осы партия атынан президент сайлауына түскен. Қазір ол парламент депутаты қызметін атқарып жүр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.