jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Тоқаев биржа саудасы және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістерге қол қойды

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биржа саудасы және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістерге қол қойды. Бұл туралы Ақорданың Telegram-дағы арнасы хабарлайды.

    Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биржа саудасы және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

    Сенат ақпаратынша, заңның мақсаты биржалық сауда мәселелерін, инвесторларды қорғау жүйесін, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерін артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау мәселелерін реттейтін заңнаманы одан әрі жетілдіру болып табылады.

    Биржалық сауда саласын дамыту шеңберінде әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлардың тізбесін қалыптастыру, тауар биржаларына мемлекеттік бақылауды кеңейту, тауар биржаларын шағын және микробизнес субъектілері санатынан шығару, стандартты аукцион мен стандартталмаған тауарларды алып тастау, тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алуды айналып өтуге тыйым салу, бот-технологияларды пайдалануға тыйым салу бөлігінде түзетулер енгізіледі.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.