jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Қоғамдық жұмыс енгізіледі: Тоқаев Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізді

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Бұл жөнінде Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Сенат сайтында жарияланған заң түсіндірмесінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңға жаңа әкімшілік жазаның түрі – қоғамдық жұмыс енгізілетіні айтылған.

    "Бұл жаза қылмыстық жазалауға ұқсас тетік бойынша іске асады, яғни қоғамдық пайдалы жұмысты жергілікті органдардың бақылауымен атқару көзделген. Онда ӘҚБтК-нің 11 бабына сәйкес ұсақ құқықбұзушылықтар бойынша жазаны қолдану мүмкін болып отыр. Қоғамдық жұмыстарды енгізу мен заңнаманы жаңарту құқықбұзушылықтар санын азайтуға, сот әділдігінің тиімділігін арттыруға және құқықбұзушылардың әлеуметтік мәртебесін ескеруге бағытталған", - делінген түсіндірмеде.

    Айта кетейік, бұған қоса бүгін президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі, ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды. Заңда "Келешек" бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізу мәселесі қамтылған.

    Қоғамдық жұмыс енгізіледі: Тоқаев Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.