Саясат

Зектілері

Ішкі істер министрінің орынбасары Түркістан облысына барды

Жарияланған күні:

Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов
Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов. Фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ҚР ІІМ орынбасары Сәкен Сәрсенов Түркістан облысы полицейлерінің атқарған жұмысын бақылап, облыс әкімімен кездесті.

Ішкі істер министрлігінен Түркістанға арнайы келген Сәкен Сәрсенов департаменттің мәжіліс залында жеке құраммен жедел кеңес өткізді. Жиында 2024 жылдың қорытындысы бойынша облыс полицейлерінің атқарған жұмысы қаралды. Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы М.Қабденов баяндама жасады.

Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов
Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов. Фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Анықталған кейбір кемшіліктер бойынша сын-ескертпелер беріп, тапсырмалар мен ұсыныстарды дер кезінде орындау керектігін жеткізді. Бірқатар басшы құрамға шара көрілді. Қылмыс пен құқық бұзушылықтарға жол бермеу бағытында жұмысты күшейтуді, заң мен тәртіпті сақтауды тапсырды.

Одан әрі Жедел басқару орталығындағы цифрлық шешімдердің орындалуын тексеріп шықты. Облыстағы бейнекамералардың жұмыстарымен жіті танысты. Департамент қолданысындағы соңғы үлгідегі цифрлық технологиялардың жұмысын бақылады.

Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов
Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов. Фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мұнда Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қ.Қайыпбек, Цифрландыру бойынша әкімдіктегі басқарма басшысының орынбасары С.Байгутов та қонақта болды.Сонымен қатар қызметтік іссапар облыс әкімдігінде жалғасты. ҚР ІІМ-нің орынбасары С.Сәрсенов облыс әкімі Нұралхан Көшеровпен кездесті. Әкімдікте цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер бсқармасының басшысы М. Айнабеков және аппарат басшысы Е.Дауылбаевпен кездесу өткізді.

Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов
Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов. Фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

"Цифрландыру – қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан ауқымды реформа. Яғни полицияның күнделікті қызметінде заманауи технологияларды кеңінен қолдану – Мемлекет басшысының ішкі істер органдарының алдына қойған басты міндеттерінің бірі", - деген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары әкімдікпен бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2211998-ishki-ister-ministrining-orynbasary-turkistan-oblysyna-bardy/