Саясат

Зектілері

2025 жыл – профилактика жылы: Жамбыл облыстық ПД өткен жылды қорытындылады

Жарияланған күні:

Жамбыл облысы ПД жедел кеңесі
Фото: Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Жамбыл облыстық полиция департаментінде ҚР ІІМ аппаратының басшысы Оңал Бекиевтің төрағалығымен жедел кеңес өтті. Онда 2024 жылдың жұмыс қорытындылары талқыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалды.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов атап өткендей, мемлекет басшысы әділетті Қазақстанның негізі болып табылатын "Заң және Тәртіп" принципін жүзеге асыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

Жамбыл облысы ПД жедел кеңесі
Фото: Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Полиция осы қағидатты елімізде берік орнықтыруда маңызды рөл атқарады, сондықтан құқық қорғау органдарының алдында азаматтардың қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз ету міндеті тұр.

Жамбыл облысы ПД жедел кеңесі
Фото: Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

"Бізге ұсақ бұзақылық пен вандализмнен бастап, заңсыз көші-қон мен ауыр қылмыстарға дейін барлық құқық бұзушылықтарға қатысты ең қатаң шаралар қабылдау тапсырылды. Қылмыстарды барынша жедел ашу қажет", - деді ПД бастығы Бақытжан Малыбаев.

Жамбыл облысы ПД жедел кеңесі
Фото: Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Жамбыл облысы ПД жедел кеңесі
Фото: Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

2025 жыл Ішкі істер министрі тарапынан профилактика жылы деп жарияланды. Барлық жерде "Полиция – Заң және Тәртіп күзетінде" қағидасы сақталуы тиіс. Әрбір азамат өзін қауіпсіз сезінуі қажет. Осы мақсатта құқық қорғау жүйесі үйлесімді және тиімді жұмыс істеуі тиіс. Ең алдымен, заң бұзған кез келген адам міндетті түрде жауапкершілікке тартылуы тиіс деген заң талаптары мүлтіксіз орындалуы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2212139-2025-zhyl-profilaktika-zhyly-zhambyl-oblystyq-pd-otken-zhyldy-qorytyndylady/