jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Мемлекет басшысы жаңа әділет министріне бірқатар тапсырма берді

    Мемлекет басшысы Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевты қабылдады
    Мемлекет басшысы Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевты қабылдады. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевты қабылдады, деп хабрлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев мемлекет басшысына ведомство қызметінің негізгі бағыттары туралы баяндады.

    Президентке әділет органдары қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ мемлекет басшысының "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Жолдауын жүзеге асыру аясында белгіленген министрліктің мақсаттары мен міндеттері жөнінде баяндалды.

    Қасым-Жомарт Тоқаевқа нормативтік актілер әзірлеу қызметінің сапасын арттыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету және әділетті әрі қауіпсіз қоғам қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берілді.

    Мемлекет басшысы құқықтық жүйені нығайту үдерісінде азаматтардың құқы мен мүддесіне ден қоюдың маңызын атап өтті.

    Кездесу соңында президент министрге бірқатар тапсырма берді.

    Мемлекет басшысы жаңа әділет министріне бірқатар тапсырма берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.