jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    "Мемлекеттік наградаға ие болу – үлкен құрмет": Тоқаев алматылық автобус жүргізушісін марапаттады (фото)

    Асқар Әмрин Қанат Ахметовті "Шапағат" медалімен марапаттауда
    Асқар Әмрин Қанат Ахметовті "Шапағат" медалімен марапаттауда. Фото: Алмат қаласының әкімдігі

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-азаматтық белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігі үшін Алматы қаласының қоғамдық көлік жүргізушісі Қанат Ахметовті "Шапағат" медалімен марапаттады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Мемлекеттік награданы Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин табыстаған. Ол Қанат Ахметов президент 2025 жылды "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жариялаған соң марапатқа ие болған жұмысшы мамандықтарының алғашқы өкілі екенін атап өтті.

    Қанат Ахметовтің айтуынша, мемлекеттік наградаға ие болу үлкен құрмет әрі зор жауапкершілік.

    "Бұл қоғам игілігі үшін адал еңбек етуге, әріптестерім мен жақындарыма үлгі болуға ынталандырады. Қарапайым еңбек адамдарына президенттің назар аударып, елдің дамуына қосқан үлесін мойындағаны қуантады", - деді Қанат Ахметов.

    "Шапағат" медалі
    "Шапағат" медалі. Фото: Алматы қаласының әкімдігі

    Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін №66 қалалық маршрут автобусының жүргізушісі Қанат Ахметов арбадағы мүгедек жолаушыға назар аударып, көмек көрсеткені үшін көптің ықыласына бөленгенін жазған едік. Кейін оған мегаполис әкімі Ерболат Досаевтың атынан алғыс хат пен сыйлық табысталды.

    Қанат Ахметов – төрт бала тәрбиелеп отырған әке. Оның "Алматыэлектротранс" компаниясында автобус жүргізушісі болып жұмыс істегеніне бір жылдай уақыт болған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.