Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді
Жарияланған күні:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен 2025 жылғы 28 қаңтарда үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, отырыс барысында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады.
Сонымен қатар премьер-министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов және бірқатар өңірдің әкімдері баяндама жасайды.
Естеріңізге сала кетсек, мемлекет басшысы "Ана тiлi" газетіне берген сұқбатында үкіметтің жұмысы нақты нәтижеге орай әділ бағаланатынын, сондай-ақ үкімет экономиканы барынша дамыту үшін тың тәсілдер табуға тиіс екенін айтқан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2214110-toqaevtyng-toragalygymen-28-qangtarda-ukimetting-kengeitilgen-otyrysy-otedi/